Алматы облысында полиция бастығына оқ атылды

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі

Алматы облыстық Полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков отырған көлікке оқ атылды, деп жазады ЭК.

Оқиға 26 маусым күні Алматы-Талдықорған тас жолында болған.

26 маусым күні сағат 12:20 шамасында полицияға Арқарлы асуының маңында жол ережесіне байланысты жанжал туындап, көлікке оқ атылғаны жөнінде хабарлама түскен.

Оқ атылған көлікте Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков болған.

"Зардап шеккендер жоқ. Қазір бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын қолданып жасалған бұзақылық) бойынша сотқа дейін тергеу басталып, бұзақыларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көлікке кімнің оқ атқаны белгісіз",

деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров