Еуро 2020: Чемпионаттың плей-офф кезеңдері басталды

Нұрболат АДЫРБЕК

twitter.com / EURO2020

Екі күндік үзілістен соң Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық кездесулері басталды, деп хабарлайды ЭК.

1/8 финалдың беташар ойынын өткізген Дания мен Уэльс құрамаларының арасындағы ойын даниялықтардың 4:0 есебімен айқын басымдығымен аяқталды.

twitter.com/EURO2020twitter.com/EURO2020
twitter.com/EURO2020

Даниялықтар сапындағы шабуылшы Каспер Дольберг 27-ші және 48-ші минуттарда дубль жасады. Сондай-ақ 88-ші минутта Йоаким Меле есепті еселей түсті. Ал негізгі уақыттың соңғы сәттерінде қақпаны дәл көздей алған Мартин Брейтвейт төртінші голдың авторы ретінде тіркелді.

Төрешілер қосымша 6 минут қосты. Бірақ бұл уақытта уэльстіктердің есепті өзгертуіне септігін тигізе алмады. Сонымен, Амстердамның "Йохан Кройфф Арена" стадионында өткен плей-офф кезеңінің алғашқы ойыны 4:0 есебімен есте қалды.

Ал осы кезеңді әрі қарай Лондонның "Уэмбли" стадионында жалғастырған Италия мен Австрия арасындағы ойын барынша тартысты өтті деуге болады. Негізгі 90 минут бойы есеп ашылмауы осы сөзімізге дәлел болатын шығар.

twitter.com/EURO2020twitter.com/EURO2020
twitter.com/EURO2020

Қосымша берілген 30 минутта ғана екі құрамға да гол салу мүмкіндігі туды. Қосымша берілген уақыттың 5-ші минутында италиялық жартылай қорғаушы Федерико Чиесаның салған голы матчта есеп ашты. Араға 10 минут салып Маттео Пессина тағы бір голды Австрия қақпасына сүңгітіп жіберді.

twitter.com/EURO2020twitter.com/EURO2020
twitter.com/EURO2020

Осы екі голдан кейін бір сәт есін жинауды ойлаған австриялықтар барынша жинақы ойнауға көшкендей болды. Тоқтаусыз жасалған шабуылдар Австрия құрамасының белді ойыншысы Саша Калайджичтің қарымта гол соғуымен аяқталды. Бірақ бұл гол Австрия құрамасы үшін жеткіліксіз еді. Есеп 2:1. Осылайша матч италиялықтардың бір гол айырмашылық басымдығымен аяқталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров