20 мың жыл бұрын Азияда коронавирус обасы болған

Қанат ЕСКЕНДІР

Covid-19 тудыратын коронавирус - SARS-CoV-2 микроскоптық суреті

Халықаралық санаттағы бір топ ғалымдар көне замандағы адамдардың коронавирус індетіне шалдыққанын дәлелдеп отыр, деп жазады ЭК.

Аризона, Калифорния және Аделаида университеттерінің ғалымдары Австралиядағы Квинсленд университетінің зертханасында тәжірибе жасап, осыдан 20 мың жыл бұрын Шығыс Азияда коронавирустың күрделі обасы жүргенін мәлімдеп отыр.

"Біз барлық нәсілдің жиынтық генін алып, оларға жеке-жеке тәжірибе жүргіздік. Бүгінгі ұлттардың түпкі геніне SARS-CoV-2 вирусының әсері болған бүгінгі адамның гені арқылы ультражарық түсіргенде, ертеректе Азия аймағында тіршілік етіп келген адамдардың прото-генінен коронавирусқа шалдыққандарын білдіретін белгілер байқалды", — дейді Квинсленд технологиялық университетінің профессоры Кирилл Александров.

Ғалымдардың айтуынша, Қытай, Моңғолия, Корея және Жапония аймағында 20 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар қазіргі COVID-19 вирусына жақын дертке шалдығып, үлкен шығынға ұшыраған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров