Ресейлік хакерлерге тосқауыл қойылды

Қанат ЕСКЕНДІР

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Microsoft корпорациясы жекелеген тұлғалар мен түрлі ұйымдардың, сондай-ақ, мемлекеттік маңызды мекемелердің ақпараттық базасына хакерлік шабуылдардың жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ЭК.

Корпорация мамандарының есебінше, жаңа шабуылдың үшеуі діттеген жеріне көлемді нұқсан келтіріп үлгерген. Қалған шабуылдар дер кезінде залалсыздандырылған. Алайда Microsoft-тың негізгі компьютерлерінің бірінен ақпараттарды жасырын ұрлап отыратын хакерлік бағдарлама табылып, ол қайтадан жөндеуге қойылды.

АҚШ билігі аталмыш хакерлік шабуыл Ресей тарапынан жасалды деп айыптап отыр. Осыған байланысты Ақ үй өкілі Джен Псаки "Америкалық компаниялар мен мемлекеттік жүйеге тағы да шабуыл жасалатын болса, АҚШ әкімшілігі Ресейге қарсы қандай шарамен жауап қайтаратынын алдын-ала ескертпейді" деп мәлімдеме жасады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров