Денсаулық сақтау министрі даудан кейін қызметінен кетті

Қанат ЕСКЕНДІР

©Reuters/Henry NICHOLLS

Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок әлеуметтік желі қолданушылар шығарған шудан кейін, өз орынтағын босатты, деп жазады ЭК ВВС News-ке сілтеме жасай отырып.

Sun газеті министр Хэнкок пен оның орынбасары Джина Коланджелоның министрлікте бет сүйісіп амандасқан суреттерін жариялаған болатын. Артынша әлеуметтік желіде арақашықтықты сақталмағаны, карантин талаптарының бұзылғаны жөнінде үлкен шу шықты. Ағылшындар министрден өзі бекіткен карантин талаптарын қатаң ұстануды, өз бұйрығын өзі бұзбауын ескертіп, тіпті, орнын босатуын талап етті. Халықтың сөзін кей заңгерлер мен шенеуніктер де қолдап, Хэнкокты әлеуметтік қысымға алды.

Дау ұлғайып бара жатқан соң, Мэтт Хэнкок Twitter-дегі парақшасында мәлімдеме жасап, артынша премьер-министр Борис Джонсонға жазбаша түрде қызметінен өз еркімен кететінін жеткізді. Оның ұсынысын қабыл алған премьер-министр Хэнкоктың орнына бұрынғы Ішкі істер министрі және Біріккен Корольдіктің Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавидті тағайындады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров