Ердоған екі теңіздің арасын қоспақ

Қанат ЕСКЕНДІР

aa.com

Түркия президенті Режеп Ердоған Мәрмәр теңізі мен Қара теңізді байланыстыратын жаңа «Стамбұл» су арнасының құрылыс жұмыстарын бастауға пәрмен берді, деп жазады ЭК.

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шамамен 15 млрд АҚШ доллары бөлінген алып құрылыс 6 жылда аяқталады деп жоспарланып отыр. Арнаның ұзындығы 45 шақырым, ені 245 метр, ал, тереңдігі 21 метрге дейін болмақ.

Түркия президентінің айтуынша, аталмыш су арнасы коммерциялық тасымалдардан өзге, Стамбұл қаласының қауіпсіздігі үшін де аса тиімді. Босфор бұғазы арқылы өтетін мұнай тасымалдаушы танкерлер бүгінге дейін Еуропадағы халық саны бойынша үшінші ірі қала — Стамбұлға қауіп төндіріп келген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров