Жәнібек жеңді!

Қанат ЕСКЕНДІР

twitter.com/trboxing

Лас-Вегаста өткен кәсіпқой бокстан Жәнібек Әлімханұлы мен Роб Брант арасындағы жекпе-жекте жерлесіміз айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды ЭК.

10 раундтық жекпе-жекте Жәнібек бүкіл кездесу бойына басымдықты қарсыласына бермеді. 6 раундта сол қолымен жасаған тіке соққысы Робты есеңгіретіп, нокдаунда тізе бүгуге мәжбүр етті.

Тоғыз раунд бойы тықсырып жүріп сабағанымен, Брант та мықты боксшы, жақсы дайындықпен келгені көрініп тұрды. Алайда Робтың бапкерлері соңғы раундқа шығуды қажетсіз деп тауып, жеңісті қолдан берді.

Жәнібек жеңімпаз Қазақ елінің туын Америка төрінде тағы да биікте желбіретті!

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров