COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 418114 ЖАЗЫЛҒАНДАР 391596 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4306


©AP/Taimy ALVAREZ
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 672 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады жексенбіде Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 1 мың 730 Сovid-19 оқиғасы анықталды.
Пандемия басталғалы бері елде барлығы 418 мың 114 covid-19 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 556,
Алматы қаласында — 211,
Шымкент қаласында — 61,
Ақмола облысында — 40,
Ақтөбе облысында — 35,
Алматы облысында — 32,
Атырау облысында — 86,
Шығыс Қазақстан облысында — 76,
Жамбыл облысында — 37,
Батыс Қазақстан облысында — 124,
Қарағанды облысында — 238,
Қостанай облысында — 39,
Қызылорда облысында — 33,
Маңғыстау облысында — 36,
Павлодар облысында — 20,
Солтүстік Қазақстан облысында — 19,
Түркістан облысында — 20.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 391 мың 596 адам емделді, оның ішінде 1 мың 025 адам соңғы тәулікте.