Жәнібектің жеңісі: Welkome QAZAQ STYLE

Нұрболат АДЫРБЕК

Жәнібек Әлімханұлы / twitter.com/qazaqstyle

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы мен америкалық Роб Брант арасындағы жекпе-жек жанкүйерлердің ғана емес, әлемге аты белгілі спорт менеджерлерінің де ерекше назарында болды, деп жазады ЭК.

Себебі, осы жекпе-жекте жерлесіміз жеңіске жетсе оны IBF және IBO нұсқаларындағы орта салмақтағы болашақ әлем чемпиондығынан бірден-бір үміткер деп тануға мүмкіндік туатын еді.

Оның үстіне қарсыласы да өте әккі боксшы. Әлемнің экс-чемпионы деген атағы бар. Белгілі болғандай, 10 раундқа жоспарланған кездесу тоғызыншы раундта аяқталды.

Себебі, қарсыластың жаттықтырушылары аяғына дейін айқасудың қажеті жоқ деп шешкен. Оның үстіне алғашқы раундтан бастап секундант: "жекпе-жек аяқталды" — деп белгі бергенге дейін QAZAQ STYLE бірде-бір рет басымдықты Бранттың қолына бермеді.

Төрт жағынан төніп қарап, жіті бақылап отырған төрешілер тоғыз раундты түгел жерлесіміздің пайдасына шешіп отырды. Оған, алтыншы раунда Робтың бір тізерлеп барып тұруға мәжбүр болғанын қосыңыз. Ия, осы нокдауннан кейін есеп ашылған болатын.

Тұмсықтың астынан дәл тиген қазақтың соққысынан қарсылас тепе-теңдігін жоғалтып алды. Қалған раундтарда да жеңіске деген сенімі мен құлшынысын жоғалтпаған қазақ баласы америкалықтың жеңілісін ертерек мойындауға мәжбүр етті.

"Бұл жекпе-жек әлемдік кәсіпқой боксқа QAZAQ STYLE деген атпен қадам басып келе жатқан Әлімханұлы үшін не береді?" -деген сауалға келер болсақ, ең негізгісі IBF және IBO тұжырымдамасындағы әлем чемпиондығы үшін сайыстарға қатысуға жасалған нақты қадам деп айта аламыз.

Жәнібектің осы жетістігінен соң кәсіпқой бокс ұймдастыруды тұрақты кәсібіне айналдырған әлемдегі небір мықты промоутерлік компаниялардың менеджерлері Әлімханұлын айналшықтай бастары анық.

Олай деуіміздің себебі, промоутерлер арасында кез-келген жаңа боксшының алғашқы 10 жекпе-жегіне баға беру арқылы шешім шығаратын жағдай жиі кездеседі.

Бүгін ғана оныншы кездесуін айқын басымдықпен жеңген Жәнібектің айы оңынан туып тұр деп айтуға болады. Оныншы жеңіс демекші, оның алтауында дәл бүгінігідей жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталған болатын.

Қорыта айтқанда, Бұдан былай біздің батырға ауызын айға білеген кәсіпқой бокс клубтарының есігі: Welkome QAZAQ STYLE.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров