Үш адам бәстесіп, өз қолдарын өздері атқан

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Pixabay

Үш ер адам қомақты сомаға: "Қолын кім ата алады?" - деп бәстесіп, өз қолдарын өздері атып тастады, деп хабарлайды ЭК.

Оқиға Эстонияның Валгамаа қалашығында болған. Полицияға 18 және 32 жастағы екі ер адамның бірдей қол жарақатымен ауруханаға түскені жайында хабар келген. Жарақат алғандар арақ ішіп алып: "Пневматикалық қарумен өз қолын атуға кімнің батылы жетеді?" — деп екі мың еуроға бәс тіккен.

"Ешқайсысының ұтылып, қомақты ақша төлегісі келмеген. Сондықтан бәрі өз қолдарын өздері атқан", — деп мәлімдеді Лыуна префектурасының полиция өкілі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров