Ақтауда жүк көлігі өртеніп кетті

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Бейнеден кадр

Ақтау қаласында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, көліктердің бірі әп-сәтте лап етіп өртеніп кеткен, деп хабарлайды ЭК.

Әбүйір болғанда, оқыс оқиғадан зардап шеккендер болмаған. Маңғыстау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметніңі хабарлауынша, 14 шағын ауданның жолында Toyota Camry жүргізушісі басты жолда келе жатқан ГАЗель жүк көлігіне жол бермей, соқтығысып қалған.

Жол көлік оқиғасы кесірінен жүк көлігінен өрт шығып, жана бастаған. Апаттан ешкім зардап шекпеді,

деп хабарлады полиция өкілі.

Toyota Camry жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров