67 жастағы зейнеткер Петропавлдан Алматыға велосипедпен келді

Нұрболат АДЫРБЕК

Ол өзінің ерекше сапарын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады, деп хабарлайды ЭК.

Қызылжарлық зейнеткер Қазыбек Бекеев екі дөңгелекті көлігімен Петропавл-Алматы арасындағы 1800 шақырымдық жолды 10 күнде жүріп өткен.

Қазыбек БекеевҚазыбек Бекеев
Қазыбек Бекеев

"Осы сапарымды еліміздің тәуелсіздігінің 30жылдығына арнадым. Алматыға келу себебім, дәл осы қалада отыз жыл бұрын алғаш тәуелсіздігіміз жарияланды. Сондықтан, мен үшін Алматы тәуелсіздігіміздің алтын бесігі іспеттес. Сонымен қатар, соңғы отыз жылдағы елдің бұрынғы және кейінгі екі астанасын веложорығым арқылы қосқым келді", — дейді жастарға салауатты өмір салтын насихаттап жүрген қария.

Қазыбек БекеевҚазыбек Бекеев
Қазыбек Бекеев

Зейнеткерлікке дейін ауыл шаруашылығында агроном болып еңбек еткен ақсақал, спортпен соңғы он бес жылдан бері ғана айналысып келе жатқанын айтады. Алдында қалалық, облыстық марафондарға қатысып жүрген. Ал, 2014 жылы Рсейде өткен веломарафонда екінші орын алған.

"Жалпы, осы жолғы сапарымда көркейген дамыған қазақ жерін өз көзіммен көріп өткім келді. Сол үшін, жасымның біразға келіп қалғанына қарамастан, тәуекел етттім", — деді төрт ұл екі қыздың әкесі, жиырмаға тарта немеренің атасы Қазыбек қария.

Зейнет жасындағы әуесқой велоспортшының алдағы мақсаты, Балтық жағалауындағы елдерді басып өтіп Испанияға жету. Оған дайындықты былтыр бастаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров