Коронавирус: 458 адам хәл үстінде жатыр
©ЭК/Андрей ХАЛИН
Бүгінде коронавирус инфекциясынан 23 552 адам емделіп жатыр, деп жазады ЭК.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, соның ішінде 22 212 адамның вирус жұқтырғанын ПЦР тест анықтаса, 1 340 адамның сараптамасы теріс нәтиже көрсеткен.
7 015 мың науқас стационарда, 16 537 адам амбулаторияда ем алып жатыр. Ал 458 адамның хәлі ауыр. 107 науқастың жағдайы өте ауыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына 68 науқас қосылған.