Ақтөбе облысында автобус аударылды

Кәмшат ҚОПАЕВА

ПД баспасөз қызметі

"Самара-Шымкент" тас жолы бойындағы Бөгетсай ауылының маңында бір топ жолаушысы бар автобус аударылды, деп хабарлайды ЭК.

"ПАЗ-32054" маркалы автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, оң жаққа қарай аударылады. Қатты соққыдан үш адам жарақат алды. Оның екеуі Қарабұтақ ауылындағы медициналық мекемеге жіберілді. Әртүрлі дене жарақатын алған бір адам Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Жолаушылар Ырғыз ауданының Калинин ауылынан отбасылық шарадан келе жатқан. Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жолда сақ болу керектігін ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров