Алматыда жүк көлігі газ құбырын қиратып кетті

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

© Zakon.kz

Алматы қаласының Медеу ауданында жүк тиелген Камаз таудан түсіп келе жатып, газ құбырының он шақты бағанасын қиратып кетті, деп хабарлайды ЭК.

Жүк көлігінің жүргізушісі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Нұрмағамбетов көшесімен жүріп келе жатқан жүк көлігінің тежегіші іштен шыққан. Соның кесірінен Камаз бұрылыста қарсы қозғалыс сызығынан өтіп, құлдилап келіп, газ құбырын қиратқан. Сосын жүк көлігі бір жанына қарай аударылып, жыраға құлауға шақ қалыпты.

Жүргізуші кабинадан секіріп түсіп үлгерген. Куәгерлер дереу көмекке келіп, жедел жәрдем шақырған. Жол көлік оқиғасының кесірінің Алматының саяжай алқабы газсыз қалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров