Павлодарда жол апатынан екі адам қаза тапты

Нұрболат АДЫРБЕК

instagram.com / kolesa_pavlodara

Павлодарда жан түршігерлік жол апаты оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ЭК.

ЖКО туралы kolesa_pavlodara Instagram парқшасында жарияланды. Оқиға өткен түнде қаладағы Астана мен Исиналиев көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Windom және Lada Granta көліктері соқтығысқан. Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен қасындағы жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

Тағы үш адам ауыр жарақат алған. Олардың біреуі 25 жастағы ер адам қалған екеуі 23 жастағы қыздар.Қазіргі кезде үшеуі де ауруханаға жатқызылды. Пациенттердің біріне мидың қатты контузиясы және омыртқаның контузиясы диагнозы қойылды. Ол

әзір комада. Қалған екеуіне омыртқаның көгеруі және мидың шайқалуы деген диагноз қойылды.

Жергілікті полиция жол-көлік оқиғасына қатысы бар көліктер айып тұрағына қойылғанын, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров