Ақтауда ер адам әйелінің көңілдесін желдеткішпен сабап өлтірген

Жұмазия ОРАЗАЙ

Pxhere

Кісі өліміне күдікті сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ЭК.

Сот материалдарына сүйенсек, жаңа жыл қарсаңында ер адам өзінің әйелімен тұрып жатқан көңілдесінің үйіне келеді. Бақталасын аямай сабап, қолына түскен желдеткішпен өлгенше ұрған.

Онымен қоймай, жәбірленушінің ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай ұсталған күдіктінің қылмысқа қатысы бары анықталып, 9 жылға сотталды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров