Жалға берілетін баспанаға өтініш қабылдау басталды

Нұрболат АДЫРБЕК

Pixabay

Елордада көпбалалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы осы бағдарламаның арнайы сайтында жазылды. Бағдарламаға осы күнге дейін, көпбалалы отбасы ретінде баспанаға кезекте тұрған отбасылар өтініш бере алады.

Құжат қабылдау 27-маусым мен 7-шілде аралығында жүзеге асырылады. Жалпы бағдарламаға қатысу үшін өтінім кезекте тұрғандар үшін жыл бойы қабылданады.

Сатып алу құқығынсыз жалға алу шарты 5 жылға жасалады, оны ұзарту мерзімі шектеусіз.

Егер көп балалы отбасы басқа санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрса, онда өтініш бере алмайды.Сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй берілген жағдайда, отбасы басқа кезектен алынады.Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде жүзеге асырылады.

Өтініш беру үшін:

  1. ЭЦҚ кілті;
  2. отбасының барлық мүшелері үшін Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүліктің жоқтығы немесе бар екендігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
  3. балалардың туу туралы куәліктерінің сканерленген нұсқасы / отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (бар болса);
  4. некеге тұру / ажырасу / әке болуды анықтау туралы куәліктің сканерленген нұсқасы / №4 форма / қайтыс болу туралы куәлік (бар болса)
  5. жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың сканерленген нұсқасы (бар болса);
  6. созылмалы аурудың толық атауын, ауру жағдайына байланысты жеке бөлме немесе қабаттардың (бар болса) қажеттілігін көрсететін созылмалы аурудың медициналық қорытындысының сканерленген нұсқасы.

Осы құжаттарыңыз түгел болса, алдағы он күн ішінде өтініш бере аласыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров