Талғат Мұсабаевтың өкілі БАҚ-тарға ескерту жасады

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Сенаттың баспасөз қызметі / Талғат Мұсабаев

Талғат Мұсабаевтың өкілі Сұңқар Нұрмағамбетов БАҚ-тарға ескерту жасап, сотқа беретінін аңғартты, деп хабарлайды ЭК.

Өкіл Талғат Мұсабаевтың аутизмі бар балаға шабуыл жасағаны туралы БАҚ арқылы тараған ақпараттың "шындыққа жанаспайтынын" және "құқықтық бағалауды" талап ететінін мәлімдеді.

Мұсабаевтың тарапы осындай негізсіз айыптауларға құқық қорғау органдарының назарын аудару қажет деп есептейді. Мұндай ақпараттық манипуляцияларды үшінші тараптар қоғамдағы жағдайды өз мақсатына пайдалану үшін қолдануы мүмкін,

дейді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Еске сала кетсек, 24 маусымда Талғат Мұсабаев пен астаналық тұрғын Алина Нұртастың арасында көшеде жанжал туындаған. Алина Нұртастың айтуынша, сенатор оған қол көтерген. Оқиға орнына полиция шақырылған, кейін ол құқықбұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін білген. Талғат Мұсабаев болса, қыздың сөздерін теріске шығарды.

Ал, кейбір дерек көздеріне қарағанда, Нұр- Сұлтан қаласының полиция департаменті бұл жанжалға Талғат Мұсабаевтың қатысы бар екенін растаған көрінеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров