Бұрынғы мектеп-интернаттың аумағында 751 баланың сүйегі табылды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

© AFP

Канадада үндіс балаларына арналған бұрынғы мектеп-интернаттың аумағында 751 баланың сүйегі табылды, деп хабарлайды ЭК.

Осыған орай, бүгін марқұм бүлдіршіндердің рухына тағзым ету шарасы өткен. Анадолы агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, қаңқалар 24 маусым күні Канаданың батысындағы Саскачеван провинциясында орналасқан бұрынғы мектеп-интернаттың аумағында табылған.

Каусесс округінің үндістер қауымдастығы ұйымдастырған шарада дұға оқудан басталды. Кейін қаза болған балалардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров