Бетперде тақпағаны үшін атып тастады

Нұрболат АДЫРБЕК

economictimes.indiatimes.com

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында банкке келген клиентке күзетші оқ атқан, деп хабарлайды ЭК.

Темір жол саласының қызметкері Раджеш Кумар, банкке кіргенде талапқа сәйкес бетперде тақпаған. "India Todayдің" жазуынша, клиент банк күзетшісінің бетперде тағу туралы ескертпесіне құлақ аспаған. Сол жерде жанжал туындаған.

Нәтижесінде, күзетші клиентке қарсы қару қолданған. Атылған оқ клиенттің аяғына тиген. Қазір, зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Ол оқ тиген сәтте есінен танып қалған.

Күзетші ұсталып, қамауға алынды. Банк өкілі күзетшіні қару пайдалануға рұқсат лицензиясы бар жеке күзет компанияның қызметкері екенін айтты. Полиция бұл іс бойынша барлық куәгерлерден жауап алды. Және, жәбірленуші ауруханадан шыққан соң оқиғаның анық-қанығын қосымша мәлімдейтінін айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров