Олимпиадаға қатысатын алты елдің спортшыларына ерекше талап қойылады

Болат МӘЖИТ

©Reuters/Issei KATO

Токио коронавирустың «дельта» штаммына байланысты Олимпиада ойындарына қатысатын 6 елдің спортшыларына ерекше талап қойып отыр, деп хабарлайды ЭК.

Жапонияның "Yomiuri Shinbun" газетінің жазуынша, олардың қатарына Үндістан, Мальдив аралдары, Непал, Пәкістан, Шри-Ланка және Ауғанстан кіріп отыр. Аталған елдердің спортшылары Олимпиадаға жол жүрер алдында 7 күн бойы коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР сынама тапсыруы тиіс. Бұл талап 1 шілдеден бастап күшіне енетін болады.

Ал қалған мемлекеттен қатысатын спортшылар тек 4 күн бұрын алынған теріс нәтижелі ПТР сынамаларын көрсетсе жеткілікті.

Естеріңізге сала кетсек, Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 шілдеде басталып, 8 тамызға дейін жалғасады. Әлемдік доданы Токиода тамашалауға 10 мың адамға ғана рұқсат етілген

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров