Мәулен Әшімбаев ресейлік әріптесі Валентина Матвиенкомен кездесті

Болат МӘЖИТ

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті, деп хабарлайды ЭК

Кездесуде Мәулен Әшімбаев екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан сайын нығая түскенін атап өтті.

"Бұған, ең алдымен, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің жеке достық және өзара сенімге негізделген қатынасы зор ықпалын тигізуде. Мемлекетаралық байланысты нығайтуға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та баса мән беріп келеді", — деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде Валентина Матвиенко парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды.

"Қазақстан делегациясының Парламентаралық ассамблеялар құрамындағы тиімді жұмысын ерекше атап өткен жөн. Қазақстандық сарапшылар модельдік заң жобаларын әзірлеуге, мониторинг миссиясына және ТМД Парламентаралық ассамблеясы комиссиясының жұмысына белсенді қатысып келеді", — деді Валентина Матвиенко.

Сондай-ақ, кездесуде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және тағы басқа салалар бойынша өзара байланысты арттыру мәселелері сөз болды.

Ал, ертең Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресей Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 16-отырысы өтеді деп жоспарланып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров