COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 419800 ЖАЗЫЛҒАНДАР 392777 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4316

Экспресс К

©Reuters/Andreas GEBERT

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған COVID-19 жұқтырудың 1 мың 686 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады дүйсенбіде коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Бір күн бұрын елде 1 мың 672 Сovid-19 оқиғасы анықталды.

Пандемия басталғалы бері елде барлығы 419 мың 800 covid-19 жағдайы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында — 507,

Алматы қаласында — 215,

Шымкент қаласында — 103,

Ақмола облысында — 43,

Ақтөбе облысында — 35,

Алматы облысында — 33,

Атырау облысында — 73,

Шығыс Қазақстан облысында — 70,

Жамбыл облысында — 36,

Батыс Қазақстан облысында — 101,

Қарағанды облысында — 278,

Қостанай облысында — 42,

Қызылорда облысында — 28,

Маңғыстау облысында — 38,

Павлодар облысында — 33,

Солтүстік Қазақстан облысында — 13,

Түркістан облысында — 38.

Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 392 мың 777 адам емделді, оның ішінде 1 мың 181 адам соңғы тәулікте.

28 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 24 мың 1 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 22 мың 707 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1 мың 294 — теріс (КВИ-), стационарларда 7 мың 307 пациент, амбулаториялық емдеуде — 16 мың 694.

"КВИ+ және КВИ -науқастарының ішінен 474 пациент ауыр халде, 98 — аса ауыр халде, ӨЖЖ аппаратында — 66", — делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров