Қытай ғарыш аппараты Марсқа қонған бейнежазба жарияланды

Болат МӘЖИТ

Бейнеден кадр

Қытай ұлттық ғарыш басқармасы (CNSA) "Чжужун" ғарыш аппараты Марс ғаламшарына қонғанын растайтын бейнежазбаны жариялады, деп хабарлайды ЭК

Көрші елдің "Тяньвэнь-1" ғарыштық миссиясы Марсқа өткен жылдың 23 шілдесінде аттанып, биыл 15 мамырда "Чжужун" аппараты қызыл ғаламшарға сәтті қонған болатын. Бейнежазбада осы тарихи сәт көрініс береді.

"Біздің миссияның Марс орбитасында жүргеніне 338 күн болды. "Чжужун" аппараты көптеген зерттеулер жүргізіп, 236 метр жолды артта қалдырды. Бұл бастамасы ғана. Миссия аясындағы ғылыми жұмыстар ары қарай жоспарлы түрде жалғасады", — деп жазады Синьхуа агенттігі.

Бір айта кетерлігі, "Чжужун" — Қытайдың бөгде ғаламшарға табан тіреген ең алғашқы ғарыш аппараты. Ал "Тяньвэнь-1" миссиясының басты мақсаты — қызыл ғаламшардан ықтимал тіршілік белгілерін іздестіру және болашақта Марсқа адамдардың қоныстану мүмкіндігін анықтау.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров