Исландия Еуропада алғаш болып карантин шектеулерін тоқтатты


©Reuters/John SIBLEY
Исландия Еуропадағы карантин шектеулерінен толықтай құтылған алғашқы мемлекет атанды, деп хабарлайды ЭК.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, елдегі коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулердің барлығы алынған. Енді бетперде тағудың, арақашықтық сақтаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, түрлі бұқаралық шаралар ұйымдастыруға рұқсат етілді.
Көптен күткен қалыпты өмірге орала бастадық,
Исландия жаппай ПТР-сынама тапсырудың арқасында індеттің таралуына жол бермеді. Нәтижесінде вирус жұқтырғандар дер кезінде оқшауланды. Қазір Исландия халқының 87 пайызы коронавирусқа қарсы екпе салдырған.