Чехия мен Бельгия 1/4 финалға жолдама алды

Нұрболат АДЫРБЕК

©Reuters/Darko BANDIC

Еуропа чемпионатының 1/8 финалының екінші күні Чехия Нидерландтан басым түсіп, Португалия Бельгиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ЭК

Нидерланд құрамасы алдыңғы топтық кездесу кезінде қарсылас шақ келтірмей жеңіп, плей-оффқа еркін шыққан командалардың бірі еді. Ол алдыңғы үш топтық кездесуде де Италия, Бельгия және Украинаны жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама үшін Австриямен ойнап, барлығында жеңіске жеткен болатын. Чехтар болса, Англия, Хорватия және Шотландиямен бір төрттікте ойнап, 1/8 финалына үшінші орыннан жолдама алған командалардың қатарында болды.

Нтдерландич құрамасы осы чемпионаттағы фавориттердің бірі деп саналған. Алайда, чехтар ойын бастаған сәттен-ақ қақпаларындағы қауіпті сәттерді барынша азайтып отырды. Бірінші таймның 0: 0 болып аяқталуы чехтардың оңай шағылар жаңғақ еместігін көрсеткендей болды.

©Reuters/BCE1©Reuters/BCE1
©Reuters/BCE1

Ойынның екінші жартысының ашылуында нидерландтық шабуылшы Дониелл Мален өзіне супер сәт жасады. Бірақ чех қақпашысы Томаш Вацликтен айласын асыра алмады.

Томас Голес пен Патрик Шик соққан екі гол нидерландтықтарды есеңгіретіп тастады. Сол есін жинай алмаған күйі матчты аяқтаған Голландия құрамасы 1/4 финалдық жолдамадан қағылды. Есеп 2:0. Чехтар шешуші кезеңнің ойындарына жақындап қалды. Олар алдағы 1/4 кезеңдегі кездесуін Дания құрамасымен өткізеді. Матч 3 шілдеде Бакуде болады.

©Reuters/Bernadett SZABO©Reuters/Bernadett SZABO
©Reuters/Bernadett SZABO

1/4 финалға жолдама жолындағы кездесулерді жалғастырған Португалия мен Бельгия ойынынан кейін Еуро-2020-да жаңа чемпион пайда болады деген пікірлер шындыққа жақындағандай болды. Құрамында Криштиану Роналду секілді мықтылар жүрген португалиялықтар ойынның 42-минутында қақпаларына жіберіп алған бір гол есебімен Бельгия құрамасынан жеңіліп қалды.

©Reuters/Marcelo DEL POZO©Reuters/Marcelo DEL POZO
©Reuters/Marcelo DEL POZO

Бельгияның алдыңғы саптағы ойыншысы Торган Азардың бірінші таймның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда соққан жалғыз голы кездесуді 1:0 деген нәтижемен аяқтауға негіз болды. Енді бельгиялықтар 1/4 финалда Италиямен ойнайды. Матч 2 шілдеде Мюнхенде өтеді.

©Reuters/Marcelo DEL POZO©Reuters/Marcelo DEL POZO
©Reuters/Marcelo DEL POZO

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров