28 маусым- Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бүгін, яғни 28 маусым елімізде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні, деп хабарлайды ЭК.

Бастапқыда Тәуелсіз Қазақстанда журналистика күні 10 мамырда атап өтіліп келді. Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым –"Түркістан уәлаяты" газетінің алғашқы саны жарық көрді.

1997 жылы баспа, телевидение және радио күні бекітіліп, ол маусым айының соңғы жексенбісінде аталып өтілді.

2011 жылдың қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Соған сәйкес, кәсіби мереке 28 маусым деп бекітіліп, Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Осыдан соң, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және ҚР Үкіметінің 2019 жылдың 25 маусымындағы Қаулысымен еліміздегі мерекелік күндердің тізбесіне өзгеріс енгізілді. Онда журналистер кәсіби мейрамын 28 маусым күні атап өтетін болды және ол Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні деп бекітілді.

Ал Байланыс жəне ақпараттандыру қызметкерлері күні 17 мамырға ауыстырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров