Ыс тиген ерлі-зайыпты көз жұмды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Фото ашық дерек көздерден алынды

Солтүстік Қазақстан облысында ыс тиіп ерлі-зайыпты қаза тапты, ұлдары жансақтау бөлімінде, деп хабарлайды ЭК

Қайғылы оқиға Тайынша ауданы, Горькое ауылында болған. Жақында ғана жөнделген жылыту пешінің кесірінен бір отбасы қайғы жамылды. Олар күн суытқан соң үйді жылытпақ болған.

"Бірнеше күн бүрын үйдегі пешті жөндеуді бастап, соңына дейін аяқтамаған. Салдарынан пештен ыс шыққан", — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Отағасы 43 жаста, әйелі 39 жаста болған. Олардың 14 жастағы ұлы жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Жасөспірім қазір өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал марқұмдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Осы қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын бұл мекенжай бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция қызметкерлері арнайы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, ескерту жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров