"Баршаның назарына!"

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Әлеуметтік желіден

Түркістанда ертең сирена іске қосылады, деп хабарлайды ЭК.

Таңғы сағат 10.00-де қалада халықты хабарландырудың барлық құрылғылары іске қосылады. Атап айтар болсақ, электросиреналар, сирено-сөйлеу құрылғылары, теле-радио арқылы хабар тарату, SMS тарату, Darmen мобильді қосымшасы іске қосылып, азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі.

Сондықтан Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын жаттығу өтетін күні сабырлық сақтауға және үрейленбеуге шақырады.

"Баршаның назарына!" дыбыстық сигналы — бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радио қабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпарат пен нұсқаулықты толық оқып шығу керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров