Автобуста болған жанжал жаппай төбелеспен аяқталды (видео)

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Бейнеден кадр

Оралдағы тәртіп бұзушылар полицияға да қарсылық көрсетті, деп хабарлайды ЭК.

Видео uralskgorod инстаграм парақшасында жарияланды. Куәгерлер түсірген кадрлардан оқиға орнына келген тәртіп сақшыларының ер адамдарды ажыратып жатқанын көруге болады. Қоғамдық тыныштықты бұзушылар да біраз уақытқа дейін полицияға қарсылық көрсеткені видеоға түсіп қалған.

БҚО полиция бөлімі оқиғаның 27 маусым күні сағат 16.00 шамасында болғаны туралы ақпарат таратты. Жолаушылар салонында 23 пен 38 жастағы ер адамдар арасында болған жанжал соңы төбелеске алып келген.

Абай полиция бөліміне бес адам жеткізілді. Төбелеске қатысушылардың екеуі ішімдік ішкен. Олар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды,

дейді тәртіп сақшылары.

Белгілі болғандай, ер адамдар бір-біріне дене жарақатын тигізбеген. Енді оларды ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров