Роналду капитандық белгісін лақтырып кетті

Нұрболат АДЫРБЕК

©Reuters/Thanassis STAVRAKIS

Португалия шабуылшысы әрі команда капитаны Роналду өз командасының Еуро-2020-дан кетуіне байланысты эмоционалдық реакция жасады, деп хабарлайды ЭК

Ол өзінің қолына тағылған капитандық белгісін көгалға лақтырып кетті. Бұл оқиға төрешінің Бельгия мен Португалия арасындағы плей-офф кездесудің аяқталғанын хабарлаған ысқырығынан кейін болды. Себебі, осы матчта португалиялықтар Бельгия құрамасынан 2:0 есебімен жеңіліп, 1/4 финалға жолдамадан қағылған еді.

Бұл супержұлдыздың екінші осындай әрекеті. Бұған дейінгі осындай оқиға үш ай бұрын Сербия — Португалия матчында да болған.

Ол кезде төреші тарапынан болған әділетсіздікке ашуланған Португалия құрамасының капитаны қарына таққан белгіні шешіп, дәл осы жолғыдай көгалға тастап кеткен еді. Оны жерден бірінші болып көтеріп алған, сол стадионның қызметкерлерінің бірі аукционға қойып жіберген болатын. Сол аукционда 7,5 миллион сербиялық динарға (64 мың еуроға жуық) сатылған. Аукционнан түскен ақша сербиялық науқас баланы емдеуге жұмсалған еді. Өкінішке қарай, бұл жолғы капитандық белгі үшін екінші аукцион болмайды. Бұл жолы белгіні командаластарының бірі жерден көтеріп, өзімен алып кетті. Артынша оны Криштиану Роналдудың өзі қайтарып алды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров