Президентке ас дайындаған жігіт көшеде газсыз жұмыртқа қуырды

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнеден кадр

Атырауда температура бағамы +40 градустан асып, аспаз көшеде жұмыртқа пісірсе, ыстықты көтере алмаған иттер өзенде шомылып жүр, деп жазады ЭК

27 маусым күні ауа температурасы +40 градустан асқан кезде танымал кәсіби аспаз Бағдат Қадыров көшеге шығып, жерге табанын қойып, отсыз-ақ жұмыртқаны қуырды. Осылайша кезінде Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ас дайындап берген 27 жастағы аспаз көшеде жұмыртқа пісіріп, күннің ыстығын көрсеткісі келген.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде қалалық "Тұрғындар қалашығы" жағажайында ыстықтан қорғанып, шомылып жүрген 10-нан астам ит бейнеленген бейнежазба жарияланды. Тұрғындардың бір бөлігі иттерге жанаршылық танытса, енді бірі адам шомылатын жерге иттердің суға түскеніне наразылық білдірді.

Синоптиктер алдағы күндері Атырауда ауа температурасы түседі деп болжап отыр. Шілденің алғашқы күндерінде найзағай жарқылдап, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн аздап салқындайды. Түнде 17-22-ге дейін, күндіз 27-35 градусқа дейін болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров