Қостанай облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі

Қостанай - Қарабұтақ тас жолында болған жол апатынан үш жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

Жол апаты 26 маусым күні Қостанай облысында болған. Renault Sandera көлігін тізгіндеп отырған 36 жастағы әйел жүк көлігін айналып өтпек болған кезде, қарсы бағытта келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысқан.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renault Sandera-ның 14 жастағы екі және 17 жастағы бір жолаушысы қаза тапты. Сондай-ақ, осы көліктің жүргізушісі мен 40 жастағы тағы бір жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров