Өзбекстандық ерлі-зайыптылар Алматыда бала сатумен айналысқан


Pixabay
Алматыда жаңа туылған баланы саудалау дерегі анықталды, деп хабарлайды ЭК.
Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі өткізген онлайн брифингте айтылды. Министрліктің мәліметінше, баланы Өзбекстан азаматтары сатқан.
Алматыда полиция Өзбекстан азаматы болып табылатын ерлі зайыптылардың жаңа туылған баланы саудалағанын анықтады. Олар, нәрестені Жамбыл облысының тұрғындарына сатқан,
Айтуынша, Ішкі істер министрлігі басқа мәліметтерді тергеу құпиялылығына байланысты жария етілмейді.
Осындай оқиға жақында Түркістан облысында да болғанын, естеріңзге саламыз. Ол кезде әйел адам өз баласын 7 миллион теңгеге сатпақ болғаны анықталған.