Көпбалалы отбасыларға 116 млрд теңге жәрдемақы берілді

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Жыл басынан бері еліміздегі көпбалалы отбасыларға 116 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді, деп жазады ЭК.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, қаңтар айынан бері 443 мыңнан отбасы жәрдемақы алған.

— Көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады,- деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Төлемдердің мөлшері балалар санына байланысты есептеледі: 4 балаға — 46 760 теңге, 5 балаға — 58 457 теңге, 6 балаға — 70 154 теңге, 7 балаға — 81 852 теңге, 8 балаға — 93 344 теңге, 9 балаға — 105 012 теңге, 10 балаға — 116 680 теңге, 11 балаға — 128 348 теңге, 12 балаға — 140 016 теңге, 13 балаға — 151 684 теңге, 14 балаға — 163 теңге 352 теңге, 15 балаға — 175 020 теңге, 16 балаға — 186 688 теңге.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров