Петропавлда жеңгетайлықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Петропавлда жеңгетайлықпен айналысқан, 8 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды ЭК.

— "STOP трафик" жедел алдын алу іс шарасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Петропавлда бірнеше саунаны жезекшөлікпен айналысу үшін жалға алып, жеңгетайлықпен айналысқан 8 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетіне тоқсауыл қойды, — дейді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз

Іс-шара барысында жалдамалы баспаналар, көңіл көтеру орындары, моншалар мен сауналар, қонақ үйлер вокзал маңындағы алаңдар мен өзге де нысандар тексеріліп, үш күннің ішінде 56 қылмыс, оның ішінде жұмысқа жегу мақсатында заңсызбас бостандығынан айырудың — 2, адам саудасының — 2 және кәмелетке толмағандарды саудалаудың 2 дерегі анықталған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров