Жол бойындағы шөптерді жинап, Маңғыстауға жібермек

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Бейнеден кадр

Шымкент тұрғынының қолға алған бастамасы жұртты тәнті етті, деп хабарлайды ЭК.

Құрмет Талапқазының Сарыағаш — Қазығұрт тас жолы бойындағы шөптерді орып жүргеніне екі күн болған. Қазіргі кезде жүзге жуық түйдек шөп жинап қойыпты. Одан бөлек, қаржы жинап, сатып алған шөбін қуаншылықтың салдарынан қиналып отырған Маңғыстау жұртшылығына жіберуді жоспарлап отыр.

Жол бойында жаңғақ, қамыс, қиық, шырмауық секілді шөптер жайқалып өсіп тұр. Кеше орақпен орып едім, өнбеді. Енді мотормен орып жатырмын. Үйде бос жатқан азаматтарды игі іске үлес қосуға шақырамын,

дейді ол

Құрмет Талапқазы көпшілікті игі іске үлес қосуға шақырып, желі арқылы үндеу жариялаған. Бүгінде шымкенттік жас жігітті қолдаушылар телефонына қоңырау соғып, қолдан келгенше көмек беріп жатыр. Қызылордадан хабарласқан тұрғын жүк көлігімен жинаған шөптерін Маңғыстауға жеткізіп беретінін айтыпты. Ал, қазығұрттық азамат 100 пресс шөп жинап қойғанын жеткізген. Алматы, Шымкент, Түркістан жігіттері де телефонына хабарласып, игі істен сырт қалмайтындықтарын айтыпты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров