Оралда пойыз қаққан жігіт қайтыс болды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Оралда 25 жастағы жігітті жүк пойызы қағып кетіп, соның салдарынан ол қайтыс болды, деп жазады ЭК.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 9 маусым күні таңғы 5-тер шамасында болған. Жүк пойызы жас жігітті қағып кетіп, кейін зардап шеккен жігіт ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

— Алдымен қылмыстық іс ҚР ҚК 344-бабының 1-бөлігімен(Теміржол көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) қозғалды. Алайда зардап шеккен жігіт қайтыс болып, ҚР ҚК 344-ның бабы 2-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес қайта сараланды, — деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров