Картоп саудасы: 34 теңгеге сатып, 90 теңгеге алып жатырмыз

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

2021 жылы қаңтар-сәуір айларында елімізде жаңа картоп сыртқа көп сатылған, деп хабарлайды ЭК.

Ауыл шаруашылығы саласының маманы Кирилл Павловтың айтуынша, импорттан экспорт үш есе басым түскен. Көкөніс бағасының құбылуын зерттеу үшін кеден статистикасына үңіліп, қызық дерекке тап болып отыр.

2021 жылы қаңтар айынан бастап сәуір айына дейін Қазақстан құны ­5,5 млн. АҚШ доллары болатын 68 820 тонна картопты экспортқа шығарған. Сол картоптың импорты 28 764 тонна болған. Ал бағасы 6 млн. АҚШ долларынан асып жығылады,

деп жазды сарапшы әлеуметтік желіде.

Экспорттың дені Өзбекстанға тиесілі болып шыққан. Құны 4,5 млн АҚШ доллары болатын 59 693 тонна жіберілген. Тоннасының орташа бағасы — 76 доллар. Келіге шаққанда, 32 теңгеден келеді.

Негізгі импортерлардан, атап айтқанда, Пәкістаннан 3,5 млн АҚШ долларына 16 824 тонна картоп жеткізілген (келісі ­– 90 теңге). Ираннан 2,2 млн АҚШ долларына 10 474 тонна алдырған (келісі ­– 90 теңге).

2021 жылдың 4 айында Қазақстан 34,5 теңгеге картопты экспортқа шығарып, 90 теңгеден импорттап алып отыр,

дейді сарапшы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров