Тұрғындарға алаяқтыққа қатысты ескерту жасады

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Андрей ХАЛИН

"Азаматтарға арналған үкімет" халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің клиенттерге қарыздарын өтеу немесе төлқұжат деректерін тексеру үшін қоңырау шалмайтынын ескертеді, деп хабарлайды ЭК.

Алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" тұрғындарға ескерту жариялады. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері борышкерлердің деректер базасын көрмейді, азаматтардың банк шоттарын бұғаттай алмайды және шетелге шығуға тыйым сала алмайды.

Клиенттермен барлық қарым-қатынас тек 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады.

SMS-хабарлама арқылы клиенттерге брондау уақыты, құжаттардың қолданыс мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік қызметтер бойынша берген өтініштерінің нәтижесі туралы хабарланады.

"Біз қазақстандықтарды қырағылық танытуды және бөгде адамдарға өздерінің төлқұжат деректерін немесе цифрлық қолтаңбаларын бермеуді сұраймыз. Сіздің жеке кабинетіңізге кіре отырып, алаяқтар сіз туралы ақпаратты өз пайдасына пайдалануы мүмкін" , — деген корпорацияның баспасөз орталығының хабарламасында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров