Өскеменде ер адам балконнан диван лақтырды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Бейнеден кадр

Абырой болғанда, зардап шегушілер жоқ, деп хабарлайды ЭК.

Оқиға Гагарин бульварында болған. Тоғыз қабатты ғимараттың балконына шыққан ер адам алдымен диванды, содан кейін қалған қоқыстарды лақтырған. Куәгерлер түсірген кадрлардан заттардың биіктен төмен қарай "ұшып" жатқанын көруге болады. Астындағы тұрғындарға қауіп төндірген азаматтың қылығы желіде қызу талқыланды.

"Осы оқиға бойынша 40 жастағы қала тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды", — деп хабарлайды Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров