Токиодағы Олимпиада кезінде айқайлауға болмайды
©Reuters/ Issei KATO
Олимпиада ойындарын тамашалауға келген көрермендерге айқайлауға тыйым салынады, деп хабарлайды ЭК.
Бұндай ережені Халықаралық Олимпиада комитеті бекітіп отыр. Спорттық шараларға ең көбі 10 мың көрермен жинауға рұқсат берілген. Бірақ жарысты тамашалауға келгендерге қатты айқайлауға, ысқырып шулауға болмайды.
Сондай-ақ, адамдар спорт кешендерінен шахмат тәртібі бойынша кіріп-шығуы керек.