Түркістанда 50-ден астам алаяқтыққа қатысы бар әйел сотталды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

ПД баспасөз қызметі

Күдікті өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып келген, деп хабарлайды ЭК.

Түркістан қалалық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын айтқан. "Ұлын мүгедектікке шығарып беремін" деген бейтаныс адамға 100 000 теңгесін беріп жіберген.

Іздестіру іс-шаралары барысында күдікті жыл басынан бері бірнеше рет алаяқтық жасап, қолхатпен бостандықта жүрген Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Оны полиция қызметкерлері Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерде жасырынып жүрген жерінен ұстаған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктінің 51 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталып, іс-құжаттар сотқа жолданған. Тұрғындарға өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, "Қысқа мерзім ішінде мүгедектікке шығарып беремін" деген жалған уәдемен олардың сеніміне ие болған.

Айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров