Нұр-Сұлтанда той азаймай тұр

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден

Карантин шектеулеріне қарамастан Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары астыртын той-домалақ жасауды тоқтатпай тұр, деп жазады ЭК.

Мәселен жексенбі күні мониторинг тобының мүшелері бірден екі тойдың үстіне түсіп, 100 адамдық тойды тоқтатқан.

"27 маусым күні карантин режимін бұзған 5 мекеме анықталды. Есіл ауданында орналасқан "Portofino" мейрамханасында 100 адамға арналған той өткен. Мекемеде қаланың санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген шектеу шаралары сақталмаған. Алматы ауданындағы "Бақ сарай" мейрамханасында 100 адам қатысқан шара өтті. Сол сияқты "Ешь, пей" барында да әлеуметтік арақашықтық бұзылған. Карантин режимін бұзғаны үшін Байқоңыр ауданындағы "Мустанг" кафесі мен Сарыарқа ауданындағы "Панаехали" барының қызметкерлері бетперде кимегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қолдану үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров