Ramada Plaza қайтадан науқастар қабылдайды. Елордадағы эпидахуал қандай?

Бек ТӨЛЕУОВ

© "Рамада Плаза"

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елорданың індетпен күресуі қалай болып жатқанын айтты, деп хабарлайды ЭК.

"Елордамыз коронавирустық инфекция бойынша "қызыл аймақта". Бүгінгі күні инфекциялық ауру қайтадан өсіп отыр. 28 маусымдағы деректерге сүйенсек, инфекциялық стационарларда 1403 пациент жатыр. Оның ішінде КВИ-ге шалдыққандар саны — 125 адам, пневманиямен ауырғандар саны — 147. Осылайша жүктеме 70 пайызды құрап отыр. Стационарлардың төсек қуаттылығы 2026 төсекті құрайды (200 инфекциялық, 25 карантиндік төсек-орын бар). Қазіргі уақытта індетпен күресуге 14 стационар тартылған, оның 13-і инфекциялық, біреуі карантиндік стационар", — дейді Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, былтырғы жылы ковидті стационар, кейін карантиндік стационар ретінде ашылған қаладағы Ramada Plaza қонақ үйін жабылып қалғанын айтты. Бірақ қазір жағдайды ескере отырып, қонақ үйді қайтадан ашады екен. Яғни 500 орынды инфекциялық төсектер орналастырмақшы.

"Осылайша, Ramada Plaza қайтадан коронавирустық инфекцияға шалдыққан пациентерді қабылдайтын болады. Қабылданған шаралардың барлығы коронавирустық инфекциямен ауыратындардың саны күн сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Біз төсек санын көбейтуге және адами ресурстарды ұлғайтуға мәжбүрміз. Жұқпалы аурулар ауруханаларына тәулігіне 150-200 адам жатқызыла бастады. 2001 инфекциялық төсек-орынның 598-і ғана бос, оның ішінде 36-сы реанимациялық төсек-орын", — дейді басқарма басшысы.

Дерек. Бүгінде елорданың 210 мыңнан астам тұрғыны вакцинаның 1 компонентін алған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров