Түркістандық журналистер велосипедпен жүреді

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Кәсіби мерекеде 30-дан астам журналист велосипедке ие болды, деп хабарлайды ЭК.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Түркістандық журналистерге қала әкімдігі велосипед сыйлады. Отыздан астам БАҚ өкілі екі доңғалақты көлікке ие болды.

Салтанатты жиында облыс әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім мен "Хабар" арнасының тілшісі Жандос Жұмабек "Ақпарат саласының үздігі" медалімен марапатталды. Ал, "Жас алаш" газетінің Түркістан облысындағы тілшісі Бақытжан Дәуіт "Алтын қалам" номинациясын жеңіп алды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров