Астана күнін атап өтуге шектеулер енгізіледі

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Нұр-Сұлтан қаласының туған күнін атап өтуге шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

"Елордада қосымша қатаң іс-шаралар енгізіледі. Өйткені соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастану деңгейі 65 пайыззға немесе 1400 жағдайға өсті. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын ескере отырып, осындай шаралар қабылдауға мәжбүрміз. Осы ретте саябақтардағы ашық ауада жұмыс істейтін аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Қала күнін атап өтуге де шектеулер енгізіледі. Бұл ретте іс-шаралар онлайн форматта және ашық ауада Ashyq жобасы арқылы ғана жүргізіледі. Көрермендердің қатысымен концерттік іс-шаралар да өткізуге болмайды", — дейді Сархат Бейсенова.

Ол ірі спорт кешендерінде көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге, экскурсиялық турлар ұйымдастыруға тыйым салынатынын да айта кетті.

Білім беру орталықтардында білім алушылардың саны 15-тен 10 адамға дейін қысқартылады және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым қойылады,

деді бас санитар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров