Еліміздің біраз аймақтарында карантин шектеулері күшейтіледі

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты алдағы күндерде бірнеше өңірде карантин шектеулері біршама күшейтіледі, деп хабарлайды ЭК.

Бүгіннен бастап Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін жаңа шектеу шаралары күшіне енді.

Атап айтқанда, Атырау облысында 65-тен асқан адамдарға өте қажет болмаса үйден шықпауға кеңес береді. Сондай-ақ, жаппай демалу орындарында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан көп топтарға жиналуға тыйым салынады.

Түрлі отбасылық және еске алу шараларын өткізуге болмайды. Жабық кеңістіктердегі ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, аттракциондар мен ойын алаңдарының, сондай-ақ караокенің, түнгі клубтардың, ойын және компьютерлік клубтардың, кальян бөлмелерінің, бильярд бөлмелерінің, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің де жұмысы тоқтатылды.

Әртүрлі әлеуметтік-экономикалық және мәдени нысандар Ashyq жобасына қатысқан жағдайда ғана жұмыс істей алады.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары қызметкерлерінің кем дегенде 80% -ы "қашықтықтықтан жұмыс істеу" режиміне көшеді.

Демалыс күндері жабық тамақ өнімдері мен азық-түлікке жатпайтын базарлардың, сондай-ақ онда орналасқан супермаркеттер мен дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтары да жұмыс істемейді.

Ал, спорт кешендері мен жаттығу залдарына жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат.

Батыс Қазақстанда көптеген адамдар жиналатын ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, еске алу және басқа да іс-шаралар өткізуге болмайды. Көшеде тамақтану мен "демалыс" жәрмеңкелерін қоспағанда, жәрмеңкелерді жабық және ашық жерлерде де өткізуге тыйым салынады.

Көшеде және қоғамдық орындарда міндетті түрде бетпердемен жүру ережесі енгізілді.

Дәл осындай қатаңдатылған шектеулер 1 шілдеден бастап Қарағанды ​​облысында да енгізілмек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров