Жандарбек Бекшин: Алматыда карантин шаралары қатаңдайды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматыда коронавирустың үнді штаммының кесірінен карантин қатаңдайтын болды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы "Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың таралуын алдын алу шаралары" атты баспасөз мәслихатында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Балалардан бастап 60 жастағы адамдарға дейін ауру тарай бастады. Сондықтан карантин шараларын күшейтуге мәжбүрміз. Сөзімді алдымен кәсіпкерлерге арнаймын", ­- деді қаланың бас санитары.

Жандарбек Бекшин кафе, асхана, мейрамхана, монша, шаштараз және басқа да шағын және орта бизнестің жұмыс тәртібіне өзгеріс енгізіліп, шектеу шаралары белгіленгенін хабарлады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров